
2026 жылғы 20 ақпанда 2–4 сынып оқушыларына арналған облыстық математикалық турнир өтті.
Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді: ауызша және жазбаша. Қатысушылар логикалық ойлау қабілетін, есеп шығару шеберлігін және жылдамдықтарын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша Серік Расул – Қызылжар орта мектебінің 3-сынып оқушысы – III орын иеленді.
Жетекшісі: Мажикова С. К.
Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен ізденімпаздығының, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Облыстық деңгейдегі байқауда жүлделі орын алу – үлкен еңбек пен дайындықты талап етеді.
Жеңімпазымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, білім жолындағы қадамдарыңыз нық болсын! Жаңа жеңістер мен шығармашылық табыс тілейміз! 🎉📚✨
